Дербес деректерді өңдеуге қатысты құпиялылық саясаты

  1. Жалпы ережелер

    Осы дербес деректерді өңдеу саясаты Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалды және дербес деректерді жинау, өңдеу тәртібін және «EDP HUB (ИДИПИ ХАБ)» ЖШС (бұдан әрі – Компания) қабылдайтын дербес деректердің қауіпсіздігін (сақтау) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды, БСН: 220540033693, заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 78-үй, тұрғын емес үй-жай. 1

    1. Компания қызметін жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың дербес деректерін өңдеу кезінде оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау қағидаттарын, заңдылық қағидатын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығын, субъектілердің, меншік иелері мен операторлардың құқықтары теңдігін, сондай-ақ жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
    2. Компанияның дербес деректерді өңдеуге қатысты осы саясаты (бұдан әрі – Саясат) Компания https://e-uni.kz/ веб-сайтына кірушілер туралы ала алатын барлық ақпаратқа қолданылады.
  2. Саясатта қолданылатын негізгі ұғымдар

    1. Дербес деректерді автоматты түрде өңдеу – бұл есептеу техникасы құралдарының көмегімен дербес деректерді өңдеу;
    2. Дербес деректерді бұғаттау – дербес деректерді өңдеуді уақытша тоқтату (өңдеу дербес деректерді нақтылау үшін қажет болған жағдайлардан тыс);
    3. Веб-сайт – графикалық және ақпараттық материалдардың, сондай-ақ компьютерлер мен дерекқорларға арналған бағдарламалардың жиынтығы, олардың https://e-uni.kz/ желілік мекенжайы бойынша интернет желісінде қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
    4. Дербес деректерді қамтитын база (бұдан әрі – база) – реттелген дербес деректердің жиынтығы;
    5. Дербес деректерді иесіздендіру – нәтижесінде дербес деректердің Дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер;
    6. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер;
    7. Дербес деректерді қамтитын база операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
    8. Дербес деректер – белгілі бір немесе солардың негізінде айқындалатын Дербес деректер субъектісіне жататын, электронды, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;
    9. Пайдаланушы – https://e-uni.kz/ веб-сайтына кірген кез келген адам;
    10. Дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – субъект) – Дербес деректер иесі саналатын жеке тұлға;
    11. Дербес деректерді пайдалану – меншік иесі, оператор және үшінші тұлға қызметінің мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректерге қатысты әрекеттер;
    12. Дербес деректерді тарату – нәтижесінде дербес деректерді беру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беру немесе дербес деректерге қандай да бір өзге тәсілмен қол жеткізу жүзеге асырылатын іс-әрекеттер;
    13. Дербес деректерді трансшекаралық жолмен беру – дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру;
    14. Дербес деректерді жою – дербес деректерді қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтын әрекеттер.
  3. Компания пайдаланушының төмендегідей жеке деректерін өңдей алады:

    1. Өңделетін дербес деректердің санаттары мен тізбесі:

      • электронды пошта (e-mail);
      • телефон;
      • аты, тегі, әкесінің аты (және жекелей алғанда);
      • тұрғылықты мекен-жайы/орналасқан жері;
      • туған жылы, айы, күні және жері;
      • фотосурет;
      • жеке сайтқа және әлеуметтік желілердегі профильдерге сілтеме;
      • оқу және/немесе жұмыс орны;
      • білімі, кәсібі, мамандығы және біліктілігі туралы мәліметтер.
    2. Жоғарыда аталған деректер осы Саясатта «Дербес деректер» атты жалпы ұғымымен біріктірілген.

  4. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары.

    1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мақсаты:

      • пайдаланушыға https://e-uni.kz/ веб-сайтында қамтылған сервистерге, ақпаратқа және материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      • статистика мен ақпаратты есепке алуды жүргізу, сайт сервистерін дамыту;
      • құзыреттерді дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер беру;
      • әлеуметтік маңызы бар жобаларға, оның ішінде компанияда тіркелген әлеуметтік топтар, пайдаланушының жалпыланған профильдері туралы жалпыланған иесіздендірілген деректерді есепке алу және қалыптастыру үшін қатысу;
      • дербес деректер субъектісінің келісімі арқылы серіктестерге деректерді ұсыну.
      • Компания статистика жүргізу және ақпаратты есепке алу, сондай-ақ құқық иеленушілерге, серіктестерге және (мүмкін болса) Пайдаланушыға компания сайтына кіру мүмкіндігін ұйымдастырған ЖОО осындай ақпарат пен деректерді беру мақсатында Компания қызметтерін (оның ішінде пайдаланушы оқыған «кітап сөресі» үшін өзі таңдаған кітаптар, жасалған конспектілері туралы деректерді) Пайдаланушы пайдаланған көлемі туралы ақпаратты және деректерді мерзімді түрде өңдей алады;
      • Компания Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде пайдаланушылардың заңсыз және/немесе құқыққа қайшы әрекеттерінің алдын алу және/немесе тыю) пайдаланушы берген ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді пайдалануға құқылы.
    2. Сондай-ақ компания Пайдаланушының келісімі арқылы оған жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар мен түрлі оқиғалар туралы хабарламалар жіберуге құқылы. Пайдаланушы кез келген уақытта «Жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар туралы хабарламалардан бас тарту» деген белгіні қойып, компанияның info@edp-hub.kz электронды поштасына хат жіберу арқылы ақпараттық хабарламалар алудан бас тарта алады.

    3. Интернет-статистика сервистері көмегімен жиналған Пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері сайттағы пайдаланушылардың іс-әрекеттері туралы ақпарат жинауға, сайттың сапасын және оның мазмұнын жақсартуға қызмет етеді.

  5. Дербес деректерді өңдеудегі құқықтық негіздер.

    1. Компания Пайдаланушының дербес деректерін оларды толтырған және/немесе пайдаланушы https://e-uni.kz/ сайтында орналасқан арнайы нысандар арқылы өз бетінше жіберген жағдайда ғана өңдейді. Тиісті нысандарды толтыру және/немесе Компанияға жеке мәліметтерін жіберу арқылы Пайдаланушы осы Саясатқа келісімін білдіреді.
    2. Компания «cookie» файлдарын жинауға келісім берілген жағдайда Пайдаланушы туралы иесіздендірілген деректерді өңдейді.
  6. Дербес деректерді жинау, сақтау, беру және өңдеудің басқа да түрлерін жүзеге асыру тәртібі.

    Компания өңдейтін дербес деректердің қауіпсіздігі дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын толық орындау үшін қажет құқықтық, ұйımдастырушылық және техникалық шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

    1. Компания дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және уәкілетті емес тұлғалардың дербес деректерді иеленуіне жол бермес үшін қолдан келер шараның бәрін істейді:
      • Оператор дербес деректерді өңдеуді, сақтауды және оған қол жеткізуді ұйымдастыруға жеке жауапты тұлғаларды тағайындайды;
      • Пайдаланушылардың дербес деректері сақталған электронды дерекқорларға қолжетімділікті екі сатылы құпиялық жүйесі (жергілікті компьютерлік желі деңгейі мен дерекқор деңгейінде) арқылы қамтамасыз етеді;
      • Парольдерді Компания басшысы орнатады және клиенттердің дербес деректеріне қол жеткізе алатын қызметкерлерге жеке-жеке хабарланады;
      • Дербес деректерді иесіздендіру үшін идентификаторларды енгізу әдісі қолданылады, яғни идентификаторлардың сәйкестік кестелерін құрып, дербес деректер мәліметтерінің бір бөлігін идентификаторлармен ауыстырады.
    2. Қолданыстағы заңнаманың орындалуына байланысты жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының дербес деректері дербес деректер субъектісінің келісімін алмай, ешқашан, ешбір жағдайға қарамастан, үшінші тұлғаларға берілмейді.
    3. Дербес деректерде дәлсіздіклер анықталған жағдайда, Пайдаланушы компанияға info@edp-hub.kz электронды поштасына «Дербес деректерді жаңалау» белгісін қойып, хабарлама жіберу арқылы өз бетінше жаңалай алады.
    4. Дербес деректерді өңдеу мерзімі өңдеу мақсаттарына қол жеткізу мерзіміне қарай шектеледі. Пайдаланушы кез келген уақытта компанияның info@edp-hub.kz электронды поштасына «Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу» деген белгіні қойып, хабарлама жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып ала алады.
    5. Пайдаланушы берген ақпаратты ашу соттың, құқық қорғау органдарының талабы бойынша, жария етпеу туралы келісімдер болған кезде, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі мүмкін.
  7. Субъектінің дербес деректеріне қатысты құқықтары.

    1. Меншік иесінде және (немесе) операторда, сондай-ақ үшінші тұлғада өзінің дербес деректерінің болуы туралы білуге, сондай-ақ төменде көрсетілгендерді қамтитын ақпаратты алуға құқылы:

      • дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, дереккөздерін, тәсілдерін растау;
      • дербес деректер тізбесі;
      • дербес деректерді өңдеу мерзімі, оның ішінде оларды сақтау мерзімі;
    2. Тиісті құжаттармен расталған негіздер болса, меншік иесінен және (немесе) оператордан өзінің дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге құқылы;
    3. Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылуы жайында ақпараты болса, өзіне қатысты дербес деректерді бұғаттауды талап етуге құқылы;
    4. Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жасалса, дербес деректерін жоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларға байланысты талап етуге құқылы;
    5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға, үшінші тұлғаларға беруге және трансшекаралық таратуға келісімді кері қайтарып алуға құқылы;
    6. Меншік иесіне және (немесе) операторға дербес деректерін жалпыға қолжетімді дербес деректер көздерінде таратуға келісім беруге (бас тартуға) құқылы;
    7. өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде моральді және материалдық зиянды өтетуге;
    8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарді жүзеге асыруға құқығы бар.
  8. Қорытынды ережелер.

    1. Пайдаланушы info@edp-hub.kz электрондық поштасы арқылы Компанияға хабарласу арқылы өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты қызықтыратын мәселелер бойынша кез келген түсініктеме ала алады.
    2. Бұл құжатта Компанияның дербес деректерді өңдеу саясатындағы кез келген өзгерістер көрсетіледі. Саясаттың жаңа нұсқасына ауыстырғанға дейін мерзім бойынша шексіз жұмыс істейді.
    3. Саясаттың өзекті нұсқасы қолжетімді және https://e-uni.kz/ Интернет желісінде орналасқан.