Дербес деректерді өңдеуге келісім

Осы құжат негізінде «EDP HUB (ИДИПИ ХАБ)» ЖШСға (бұдан әрі – Компания) (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, менен және/немесе кез келген үшінші тұлғалардан алуды ескеріп) менің дербес деректерімді өңдеуге келісімімді беремін және өз еркіммен, мүдделі түрде келісім беретінімді растаймын.

Мен Компаниямен кез келген шарттар жасасу және оларды одан әрі орындау, шешімдер қабылдау немесе маған немесе басқа адамдарға қатысты заңды салдары болар өзге де іс-әрекеттер жасау, Компания көрсететін қызметтер туралы мені ақпараттандыру мақсаттары үшін келісім беремін. Бұл келісім төмендегі ақпаратқа қатысты қолданылады:

  • менің аты-жөнім;

  • туған жылы, айы, күні және жерім;

  • мекен-жайым;

  • мамандығым және Компанияға кез келген сәтте өзім беріп, қол жетімді болған немесе ұсынылған менің жеке басыма қатысты кез келген басқа ақпарат (бұдан әрі – «Дербес деректер»).

Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тиісті ақпаратты немесе жоғарыда көрсетілген ақпаратты қамтитын құжаттарды сақтау мерзімдері өткенге дейін, сондай-ақ менің дербес деректерімді өңдеу мақсаттарына қол жеткізген сәтке дейін беріледі, одан кейін мен Компанияға келісімді кері қайтарып алу жөнінде тиісті жазбаша хабарламаны кемі 3 (үш) ай бұрын жолдауым арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.

Осы Келісім менің дербес деректеріме қатысты Компанияның мақсаттарына қол жеткізу үшін қалауына не қажетіне ұсынылады, оның ішінде жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде беру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, менің дербес деректеріммен кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға шектемейді.

Дербес деректерді өңдеуді Компания сақтау, электронды жеткізгіштерге жазу және оларды сақтау, тізбелер жасау, таңбалау, трансшекаралық беру сияқты негізгі тәсілдерді (бірақ олармен шектелмейді) қолдану арқылы жүзеге асырады.